Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында халқымыздың асыл мұраларының бірі – табақ тарту дәстүрі таныстырылды.
Бұл дәстүр – қонаққа деген ерекше құрметтің белгісі. Әр табақтың өз мәні мен мағынасы бар. Қонақтың жасына, дәрежесіне қарай арнайы мүшелер ұсынылып, сый-құрмет көрсетіледі.
Ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу – ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі.

