Менің сүйікті кітабым (Оқырмандар арасында кітап оқу сайысы)

Президент Қ.Тоқаев тапсырмасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Боранқұл жалпы білім беретін мектеп» КММ кітапханасында 12.09.2023ж «Менің сүйікті кітабым» атты оқырмандар арасында кітап оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 1-4 және 5-11сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: кітап оқу дәстүрін жаңғыртужастар арасында кітап оқу мәдениетін дәріптеу кітап рухани байлық екенін ұғындыру, кітапханашымен оқырман арасындағы ізгі байланысты жандандыру.

Көрнекілігі:  Оқырманның оқыған кітаптарынан ұйымдастырылған «Менің сүйікті кітабым»  атты кітап көрмесі, слайд, кітап туралы нақыл сөздер.

    

Тәрбиелігі: Кітапты бағалау, жақсы және жаманды түсінуге тәрбиелеу. Келешек ұрпақтың сана сезім, рухани ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру; оқушыларды әдептілікке, әсемділікке тәрбиелеу. Кітапты оқуға баулу білім көзі кітапта екенін түсіндіру.

Кітапхана меңгерушісі:                      Есекенова А.А