Тамақтандыру

Сіздерге мектепте жаңа жүйелер – турникет пен асхана терминалын орнату туралы хабарлағымыз келеді.
Бұл жүйелердің басты мақсаты – мектеп аумағындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, оқушылардың мектепке кіруін және асхана қызметін ұйымдастыруды жеңілдету, сонымен қатар, барлық процестерді автоматтандыру.
Турникет жүйесі — мектептің аумағына кіру мен шығуды бақылап, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Турникетке электронды картамен кіруге мүмкіндік береді. Бұл жүйе оқушылардың мектепке кіру-шығу уақытын нақты тіркеп, кез келген қауіпсіздік жағдайын бақылауды жеңілдетеді.
Асхана терминалы – оқушылардың тегін тамақтануын бақылауды автоматтандырады.
Ата-аналарға балаларының білім беру процесімен тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін мобильді және веб қосымша. Бұл қосымша арқылы сіз балаларыңыздың оқу үлгерімін, бағаларын қадағалап, сабаққа қатысуын және тамақтануын бақылауға болады..
Осы шаралар мектептің қызметін жетілдіріп, оқушылардың күнделікті өмірін ыңғайлы әрі қауіпсіз ету үшін қабылданған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 











 

 

 

 


меню бейнеу CamScanner 03.10.2023 11.01

 

CamScanner 02.10.2023 09.40 CamScanner 02.10.2023 09.41 CamScanner 02.10.2023 10.08