Қыркүйек айының 27-сі күні бастауыш әдістемелік бірлестігінде мектепішілік «Жолда жүру – заңды тәртіп» тақырыбында оқушыларға жолда жүру ережесін түсіндіру мақсатында іс-шара өткізілді.

Шараның мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру.Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу болатын.

Осы шараға арнайы ауданымыздан мектеп инспекторы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатаржолда болатын қауіп-қатерге байланысты сюжеттік қойылымдыр көрсетілді. Дидактикалық ойындар ойнатылды.

Оқушыларды жол үстінде болатын қауіп-қатерден сақтандыру мақсатында ұйымдастырылған шараға барлығы белсене ат салысып, шара өз деңгейінде өтті.