«Боранқұл жалпы білім беретін мектеп» КММ-де қазан айының алғашқы мерекелері «Қарттар» және «Ұстаздар» күніне орай бастауыш сынып мұғалімі зейнеткер ұстаз Жариева Рысжан апаймен сырлы сұхбат

 

Қазан айының алғашқы мерекелері «Қарттар» және «Ұстаздар» күніне орай зейнеткер ұстазымыз Рысжан апайға 4 сынып оқушыларымен бірге барып, сұхбат алынды.

Сұхбат алудағы мақсатымыз: Оқушылар ұлағатты зейнеткер ұстазымызды құрметтеу мен үлгі тұту. Ұлағатты ұстаздардың шәкірт есінде мәңгі сақталуына ықпал ету. Өнегелі өмір жолы және ағарту саласындағы тәлімді іс-тәжірибесімен бөлісу.

Сұхбат барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, Рысжан апайдың балалық шақтан зейнеткерлік жасқа дейінгі өмірімен таныс болды.

Рысжан апай өзіне қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы, өзінің оқытқан шәкірттерін есіне түсіріп қызықты сәттерімен бөлісті. Сұхбат соңында оқушылар «Мың алғыс ұстазым» әнімен және Рысжан апай өзінің ұжымдастарына ыстық лебізін білдіріп жас мамандарға өзінің тәжірибесімен бөлісіп қорытындылады.