Мұражайға саяхат жасау тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.
Оқушылардың бойында Отанға, елге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында 10.07 2023ж Боранқұл ауылының тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасадық.
Өткенге үңілмесек, келешекті болжау мүмкін емес, әрине. Бұл саяхатымыз оқушыларға өлкенің, өңірдің көрікті жерлері туралы сынып сағатында ақпарат беріп, тарихи танымдарын кеңейтті. Саяхатқа ата-аналар да бірауыздан келісім берді.
Мұражай қызметкері Достанова Гүлнар апай оқушыларды ерекше ілтипатпен қарсы алып, Экскурсия жұмысын жүргізді. Оқушыларымыз мұражай қызметкеріне өз сұрақтарын қойып, көптеген құнды ақпараттар алды. Балалар аса қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісті.
Біздің мақсатымыз- тарихи ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды шығармашылық өнермен және туған жеріміздің мәдениетімен таныстыру еді. Білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз.
Кітапхана меңгерушісі: Есекенова А.А